• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Қыркүйек, 2018

7-20-25 бағдарламасы бойынша 589 пәтер салынуда

424 рет
көрсетілді

Алматы облысында өткен 8 ай ішінде тұрғын үй салу жұмыстары қарқын алып, баспанамен қамтуды бағытында елеулі іс атқарылған.

Нақты айтқанда, аймақта құрылыс-монтаж жұмыстары 1,3 % ұлғайып, 454 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, 7-20-25 бағдарламасы бойынша жылдың соңына дейін 589 пәтерлі 17 үйді іске қосу көзделіп отыр. Оның ішінде Қарасай ауданында 3 үй салу жоспарланған болса, қазір оның біреуі пайдалануға берілген. Ал Талғар ауданында жоспарланған 9 көп пәтерлі үй, Талдықорған қаласындағы 3 көп пәтерлі үй, және Қапшағай қаласында 2 үй беріліп қолданысқа жіберілді.

Жалпы биыл облыста 706,6 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған болса, оның 76,9 мың шаршы метрі «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша іске қосылмақ. Бұл мақсатқа қазынадан 12,6 млрд. теңге бөлінген. Және де инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жалпы сомасы 6,9 млрд. теңгеге 47 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Алматы облысы