• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Парламент 17 Қыркүйек, 2018

Сенатор Д. Нөкетаева ТҮРКПА Комиссиясының отырысына қатысты

402 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты Динар Нөкетаева Бішкек қаласында ТҮРКПА Әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық мәселелері жөніндегі комиссиясының алтыншы отырысына қатысты.

Отырыс қарсаңында Түркі киносы күндерінің ашылу салтанаты, сонымен қатар сарапшылар, мәдени министрліктер мен ұлттық киностудиялардың өкілдері, кинематографистер, аниматорлар мен киносыншылардың семинары болды.

Қазақстан Сенатының депутаты Динар Нөкетаева Комиссияның отырысында кинематография саласындағы заңнаманы үйлестірудің маңыздылығын атап өтіп, ТҮРКПА-ға мүше мемлекеттердің режиссерлері мен аниматорларының бастамаларына қолдау білдірді.

Кездесу барысында Түркітілдес елдердің кинематографистерін қолдау жөніндегі халықаралық қорын және кино мен анимация жөніндегі бірлескен интернет-порталын құру, сондай-ақ жыл сайын кинофестиваль өткізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар айтылды. Мүше елдердің парламентшілері осы саладағы ұлттық және көптарапты заңнаманы үйлестіруге қатысты бірқатар ойларын ортаға салды.