• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қыркүйек, 2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

384 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласының тұрғыны Ермек Әминұлы тираждық лотерея ойынының миллионері атанды. 82 жастағы зейнеткер 2 ұтыс тігіп, 1 миллион 100 мың теңгені қалтасына салып алды.  

Ақсақалдың лотерея ойындарына деген қызығушылығы ертеден бар екен. Бұған дейін азын-аулақ ұтыстарға ие болып жүрген 82 жасар зейнеткер бұл жолы да әдеттегідей 2 билетті халыққа қызмет көрсету орталығынан алған. Екеуінен де 550 мың ұтысқа ие болып, миллионер атанды.       

– Бір күні көшеде келе жатсам, лотерея сатып жатыр екен. Ұтыс хабарын естігенде қуанғаным рас. Жұмсайтын жер жетерлік. 7 немерем, 2 шөберем бар. Соларға бөліп беремін. Өзіме зейнетақым да жетіп жатыр,–дейді ол.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Көкшетау