«Бұған дейін ол (мұнай нарығының теңгерімге келуі – ИФ) 2017 жылдың төртінші тоқсанында болады деп бағалаған болатынбыз. Қазіргі жағдайға қарап, 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығының соңында теңгерім болады. Сондай бағалау да бар», – деді ол «Россия 24» телеарнасының эфирінен.
Оның айтуынша, қаңтардың қорытындысы бойынша жалпы мұнай өндіру тәулігіне 1,7 млн баррельді құрайтын болады.
«Қазір қолда бар ақпарат бойынша, елдер шамамен тәулігіне 1,5 млн баррельге төмендеткені туралы мәлімет бар. Жалпы алғанда, елдерді тұтастай алғанда, ал олардың саны 24, онда тәулігіне 1,7 млрд баррель болады. Яғни, меніңше, қаңтарда жасалатын статистикалық қорытынды бойынша, тәулігіне 1,7 млн-ға артуы мүмкін», – деді министр.