• RUB:
    5.41
  • USD:
    476.27
  • EUR:
    515.47
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Қыркүйек, 2018

«Жүрек жылуы» қайымдырылық акциясы ұйымдастырылды

718 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласына 200 жыл толып жатыр. Осы мерейтой қарсаңында «Жүрек жылуы» қайымдырылық акциясы ұйымдастырылып аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді.

Бұл күні күн көрісі төмен мыңдаған отбасыға азық-түлік таратылды.

«Ұлт Көшбасшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шара жасау - халқымыздың ежелден келе жатқан игі дәстүрі» екенін атай отырып, «Мемлекет пен бизнес экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуде де әріптес болуы тиіс» деген болатын. Биыл Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында арнайы бір күннің «Жүрек жылуы» атауымен қайырымдылыққа арналуының негізі осында»,-деді Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.

Кем-кетікке көмектесу Алла алдында сауапты іс. Қызылордалық азаматтар наурыз, ораза айт және Құрбан айт кезінде де мыңдаған отбасыға көмек беріп келеді.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.