• RUB:
    5.63
  • USD:
    477.15
  • EUR:
    522.43
Басты сайтқа өту
Президент 30 Қыркүйек, 2018

Елбасы Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады

313 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Сулавеси аралында болған жер сілкінісі мен цунами салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Достас Индонезия халқының орны толмас қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және апат құрбандарының отбасылары мен туыстарына көңіл айтамын.

Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.