Қазақстанда «7-20-25» бағдарламасы шеңберінде займ беруге 2 052 өтініш мақұлданды, деп хабарлайды Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.
«Биыл 30 қыркүйектегі жағдай бойынша «7-20-25» бағдарламасы аясында қарыз алуға 36,6 млрд теңге сомасына 3 089 өтініш қабылданды. Оның ішінде 24,5 млрд теңге көлемінде қарыз беруге 2 052 өтініш мақұлданды»,-деді реттеуші банк баспасөз қызметі.
Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде айтылған бірінші әлеуметтік бастаманы іске асыру аясында әзірленді.