• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Қазан, 2018

Ақтауда «Мәңгілік алау» монументі жаңғыртылып жатыр

2513 рет
көрсетілді

Ақтауда жеңіс мейрамына және соғыста хабарсыз кеткендер мен қаза тапқандарды мәңгі есте қалдыру мақсатында ашылған «Мәңгілік алау» монументін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. 

Жөндеу жұмыстары шілде айында басталып, 2018 жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

Қазіргі кезде аллеядағы тротуар толығымен алынып, орнына бірден жаңасы төселініп жатыр. Бұдан бөлек, ескерткіштің сыртқы ескі керамикалық қабаты алынып, сұйық травертинмен қапталуда. Мәрмәр еден төсеніштері жаңадан ауыстырылады. Сондай-ақ, айналада жаңа орындықтар, қоқыс жәшіктері мен шамдар орнатылатын болады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазқастан»

Маңғыстау облысы