• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Қазан, 2018

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесі талқыланды

612 рет
көрсетілді

2018 жылдың 2 қазанында елордадағы Достық үйінде Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Астана қаласының Дін істері басқармасы бірлесіп, діни экстремизм мен терроризмінің алдын алу мәселесіне арналған жиын өткізді. Жиынға Астана қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері және жастар ұйымдары қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» қорының баспасөз қызметі. 

«Терроризмді дінмен байланыстыруға болмайды. Көп жағдайда, террористер өз мақсаттарына жету үшін жымысқы ұрандармен атойлап шығады. Олар дінді теріс бұрмалап, белгілі бір жағдайларда «діни терроризм» деген ұғымды көпшілік ортада қалыптастыруға тырысып бағады». Кездесу барысында шығып сөйлегендердің пікірі осы бағытта өрбіді. Жиында талқыланған мәселенің мәні терең ашылу үшін бүлдіргіш күштердің қауіпті әрекеттері туралы бейнематериалдар көрсетілді. Сонымен бірге, мамандар қатысушыларға жалған ағымдағылардың  іс-әрекеттерін талдамалы түсіндірмемен жан-жақты айтып берді.

Осы тақырыпта Астана қаласы этномәдени бірлестіктері өкілдерімен тағы бір кездесу өткізілмек. Оны 2018 жылдың 4 қазанында сағат 17:00-де өткізу жоспарланып отыр.

Аталған іс-шараны өткізудегі басты мақсат-бүлдіргіш күштердің әрекеттері туралы көпшілікке толыққанды ақпарат беріп, діни эсктремизмге қарсы тұру қажеттілігін айқын ашып көрсету.