Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында балабақшадағы тәрбиешілердің жалақысын көтеруді тапсырды.
«Мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі күшейту талап етіледі. Бүгінде ғылым саласы баланың ойлау қабілеті мен ақылы алты жасқа дейін қалыптасатынын айтуда. Осы мәселеге тиісті деңгейде мән беріліп отырған жоқ. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдіснамасын, тәрбиешілер мен балабақшадағы өзге де қызметкерлердің еңбекақы жүйесін қайта қарап шығу керек», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, биыл Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесе отырып тиісті Жол картасын әзірлейді.