• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2018

Құқық қорғаушылардың барлығы қайта аттестаттаудан өтуі тиіс - Президент

299 рет
көрсетілді

Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Бізге полицияның жұмысына қатысты жаңа талаптарды енгізу керек. Қызмет бабымен көтерілу жүйесін де өзгерткен жөн. Ал мамандарды іріктеуді полиция академиялары арқылы жүргізу қажет. Құқық қорғаушылардың барлығы қайта аттестаттаудан өтуі тиіс. Осы жұмыста үздіктер ғана қалуы қажет. Ал аттестаттаудан өтпегендер кетуі керек. Аттестаттаудан кейін адам жетіспей жатса, басқаларды алуға болады», - деді Н. Назарбаев.