• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қазан, 2018

Басты міндеттер айқындалды - Әли Бектаев

343 рет
көрсетілді

Президентіміздің ең басты қағидасы – халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне оң әсер ететін экономиканың түрлі салаларын дамыту.

Биылғы Жолдауда экономиканың негізгі бағыттарын дамытуға басымдық бере отырып, соның ішінде ауыл шаруашылығының түрлі салаларына назар аударылды. Сондай-ақ әлеуметтік салаларды дамытуға, білім беруге, денсаулық сақтауға, спортқа және халықты әлеуметтік қорғауға қатысты мәселелер қамтылды.

Әсіресе, төмен айлық алатын орта буын мамандардың айлығын көтеру туралы тапсырмалар көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Ұстаздардың мәртебесіне, олардың балаларға берген біліміне, тәрбиесіне бәріміздің болашағымыз тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздардың мәртебесі туралы арнайы заң қабылдау туралы тапсырмасы болашақта ұстаздарға қатысты көптеген мәселелерді шешеді деп ойлаймын.

Әли БЕКТАЕВ,

Парламент Сенатының депутаты