• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Бокс 06 Қазан, 2018

Головкин мен Сауль Альварестің бокс кешінің қатысушыларына допинг-сынама жүргізілді

365 рет
көрсетілді

Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-сында 15 қыркүйек күні өткен Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің бокс кешінің қатысушыларының барлығына допинг-сынама жүргізілді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Канело» Альварес - Геннадий Головкин II: кардының барлық допинг-сынамаларының нәтижелерінің барлығы талапқа сай. Бұл туралы ESPN-ге жұма күні Невада штатының атлетикалық комиссиясы хабарлады»,-деп жазады ESPN телеарнасының инсайдері Дэн Рафаэль.

Естеріңізге сала кетсек, ақпанда Альварес екі допинг-сынамадан өте алмай қалған еді. Соның әсерінен ол 6 айға шеттетіліп, 5 мамырға Головкинмен жоспарланған кездесу қыркүйек айына ауысты. Нәтижесінде, қазылардың басым дауысын жинаған  «Канело» жеңіске жетті.