• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2018

Әскери техниканы қысқы пайдалану мерзіміне көшіру басталды

657 рет
көрсетілді

Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарында қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану мерзіміне көшіру жөнінде ұйымдастыру жұмыстары өткізілуде. Белгіленген мерзімде әскери және арнайы техникаға сапалы қызмет көрсетіп, қару-жарақтың жай-күйін тексеріп, анықталған ақаулықтарды жоюға тура келеді.

Құрамалар мен бөлімдерде барлық санаттағы әскери қызметшілермен жауынгерлік машиналар парктерінде маусымдық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ техникада жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде көрсетілімді сабақтар өткізілді. Дайындау және қызмет көрсету бойынша операцияларды орындалу технологиясы мен бірізділігі, жылдың суық мезгілінде техника мен қару-жарақты пайдалану ерекшеліктері мен тәртібі толық зерделенді.

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының материалдық-техникалық қамтамасыз ету орталығының штаб бастығы подполковник Руслан Кубашевтің айтуынша, барлық әскери бөлімдер мен бөлімшелер алдын ала қажетті қосалқы бөлшектермен, аспаппен және жанар-жағармайдың барлық түрлерімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, берілген уақытта әскери қызметшілерге төмен салқындатқыш сұйықтықтарды, сүзгілеу элементтері мен тозығы жеткен резеңке техникалық бұйымдарды, май мен майлағыштарды ауыстыру, тораптар мен механизмдерді ретке келтіріп, жөндеу қажет. Әрбір жауынгерлік машиналар паркінің аумағын тиісті жөнге келтіріп, сақтау орындарының, парктік үй-жайлардың ағымдағы жөндеуін жүргізу, өндірістік жабдыққа қызмет көрсету де маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.

Маусымдық жұмыстарды жүргізу кезінде жауынгерлік және арнайы техниканың, сондай-ақ жеке құрам мен қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған автомобильдердің техникалық жай-күйіне ерекше назар аударылатын болады.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы