• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қазан, 2018

Баянауылдағы Мырзашоқы шаңғы кешені қар түсуін күтуде

544 рет
көрсетілді

Өңірдегі қысқы туризмді дамытудың бас жоспарына Мырзашоқыдағы арқан жолын салу жобасы енді.  Бұл күндері 800 метр биіктіктегі тау баурайында қызу жұмыс басталған.

Өңірдегі  спорт басқармасының мәліметінше, арқан жолдың ұзындығы − 1050 метр. Екі орындық 70 кабинасы бар. Бір сағаттың ішінде 550 адам тасымалданады. Былтыр арқан жолды  құрастыруға арналған құрал-жабдықтар жеткізілді. Шаңғы кешенінің құрылысына бірнеше инвестор бірлесіп, 277,7 миллион теңге жұмсаған. «АзияПромИнжиниринг» ЖШС-і мамандары арнайы тіреулерді орнатқан. Инфрақұрылымдық жұмыстар да жүргізілген. Қаражар ауылынан бастап Мырзашоқы тауына дейінгі аралықта ұзындығы 3 шақырымдық электр желісі тартылыпты.

Сербиядан шақырылған «Тау-шаңғы курортын дамытудың» маманы Славенко Бадюраның айтуынша, Мырзашоқыда 6 арқанды, 3 орындықты жол жобасын жасап, ұзындығы 15 шақырым шаңғы жолын жасауға болады. Жұмыстар биылғы жыл соңына дейін аяқталса, шаңғы кешені де пайдалануға дайын болар еді.

Бірақ,  жергілікті  Спорт және туризм  бөлімдерінің мәліметінше, былтыр  Мырзашоқыға қар түспеген.

Кешен салынды. Бірақ, тауда қар жоқ. Кешен салмас бұрын  Мырзашоқы тауының ауа-райы жағдайын, зерттеп-зерделеп алу керек пе еді. Бізде жобалар ылғи солай. Орта жолда қалып жатады.

Сондықтан, облыстық әкімдік биылғы қар түсе салысымен-ақ, уақытылы жинап алу керек  деген  тапсырма берілді.  Қар түспесе, тау  табиғи  жаратылысын сақтап,  қорғап қалғысы кеп  тұрғандай-ау шамасы?!

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Суретті түсірген: Валерий Бугаев