• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Қазан, 2018

Ел дамуына салынған даңғыл - Қуанышқали Шапшаңов

503 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың Жолдауы халықтың әл-ауқа­тын арттыру мәселесін қам­ты­ды.

Табыс пен тұрмыс сапа­сына кең көңіл бөлінді. Тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдары Қазақ­стан­дағы халық саны 14 миллионнан аспайтын. Бүгінде біз 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа дейін артып отыр. 

Осындай жетістіктерді еске салған Елбасы дамуымыз бен халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру мәселесінде күн тәр­тібінен түспейтінін жан-жақты және өте маңызды жайттарды атай отырып қамтыды. 

Әсіресе білім берудің түйт­кілдері, мұғалім мәртебесі жайлы айтылған Президент сөзі өте құптарлық. Мұғалімдердің артық жұмыстарға жегіліп, рет­сіз тексерулерге ұшырап жүре­тіні шын. Олардың басты мақ­саты ел болашағы – білімді жас өскінді өсіріп шығару. Мұға­лім осы ісін алаңсыз атқа­руы тиіс. Міне, Президент аталған түйт­кілге жете мән берді. 

Сонымен бірге Елбасы өз жерімізден барлық шикізат көзінің табылатынына қарамас­тан шетелдің тауарына тәуел­ділікті доғару туралы айтты. Экономикалық негізі қалып­тасқан елімізде киім-кешек пен тұтыну заттарын айтпағанда бала ойыншығының өзі өнді­рілмесе, онда бұл шын мәнінде ойланарлық мәселе. 

Осылармен қатар Прези­дент тұр­ғын­дардың баспанамен қам­тылу жайы, «7 – 20 – 25» бағ­­дар­­­ла­­ма­сы­ның орындалу ба­ры­сы­на ­тағы бір тоқталды. Бағ­дар­­л­аманың қалай жүзеге асып жатқ­аны жөнінде халық сенген бас­шы­лардың тәжірибесін мысал етті. 

Бұл Жолдаудың ерекшелігі, Президент өзі көтеріп отырған күрделі мәселелерге қатысты сала министрлерінен тілекей жауап ала отырып, Үкіметке бірқатар міндеттер жүктеді. 

Ендігі мәселе Үкімет пен жергілікті биліктің ел дамуы жолындағы еселі еңбегі болмақ.

Қуанышқали ШАПШАҢОВ, еңбек ардагері

Қызылорда облысы