• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қазан, 2018

Ұрпақ тәрбиесі ұстаздар қолында

835 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында әлеуметтік салаға ерекше басымдық берді. Әсіресе білім беру, ұрпақ тәрбиелеу ісіне қатысты негізгі міндеттерді нақтылағаны көптің көңілінен шықты деп есептеймін.

Балалар – еліміздің болашағы. Олардың білімді, білікті, тәрбиелі, мәдениетті болып қалыптасуы аса маңызды. Бұл орайда негізгі міндет ұстаздарға жүктелетіні белгілі. Бұл абыройлы міндетті мұғалімдеріміз ойдағыдай орындауы үшін оларға деген дұрыс көзқарас қажет. Бұл арада ұстаздардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қоғамдағы мәртебесін көтеру мәселелері басты назарда болуы тиіс. Осы орайда Елбасы орынды мәселелерді көтеріп, басты бағыттарға баса көңіл аударды. Нақтылай айтқанда, Мемлекет басшысы келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігін айтты. Бұл заң мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін өз тиімділігін көрсетеді деп ойлаймын. Жолдаудағы бұл орынды көтерілген жайт мұғалімдердің ғана емес, бүкіл қоғамның көңілінен шығатыны сөзсіз. 

Біздер, депутаттар Елбасы алдымызға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті заңдар қабылдау бағытында жұмыс істейтін боламыз.

Майра АЙСИНА, 

Парламент Мәжілісінің депутаты