• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Қазан, 2018

Отандасымыз Тунистегі «Total» мұнай компаниясының басшысы болып тағайындалды

428 рет
көрсетілді

Францияның «Total»  мұнай-газ компаниясының Тунистегі мекемесінің бас директоры болып 36 жасар қазақстандық тағайындалды, деп хабарлайды kapitalis.com.

Мансұр Жақыпов - француз компаниясының Тунистегі мекемесінің алғашқы шетелдік басқарушысы. 69 жыл бойы француздықтар басқарып келген мекеменің тізгініне дейін отандасымыз «Total»  компаниясының басқа мемлекеттердегі мекемелерінде қызмет атқарған. Бұл елдерінің қатарында: Габон, Нигерия, Катар, Ангола мемлекеттері бар. Мансұр Жақыпов Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің түлегі.

«Total»   компаниясы мұнай өндіруден әлемдік Royal Dutch Shell, British Petroleum, ExxonMobil сынды компаниялардан кейінгі төртінші орында. Компанияның штаб пәтері Париж қаласында орналасқан.