• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Футбол 09 Қазан, 2018

«Алтын допқа» кім лайық?

998 рет
көрсетілді

Әйгілі «France Football» журналы биылғы жылдың қорытындысы бойынша ең үздік футболшыға тиесілі «Алтын доптан» үміткерлердің тізімін жария етті.

Үздіктер тізіміне Испания, Англия, Франция және Италия чемпионаттарында өнер көрсететін 30 ойыншы енген екен. Олар – Алиссон, Роберто Фирмино, Садио Мане, Мұхамед Салах («Ливерпуль»), Лука Модрич, Гарет Бэйл, Кәрим Бензема, Тибо Куртуа, Иско, Марсело, Серхио Рамос, Рафаэль Варан («Реал»), Серхио Агуэро, Кевин де Брюйне («Манчестер Сити»), Неймар, Эдинсон Кавани, Килиан Мбаппе (ПСЖ), Криштиану Роналду, Марио Манджукич («Ювентус»), Ян Облак, Диего Годин, Антуан Гризманн («Атлетико»), Эден Азар, Н'Голо Канте («Челси»), Харри Кейн, Уго Льорис («Тоттенхэм»), Лионель Месси, Иван Ракитич, Луис Суарес («Барселона») және Поль Погба («Манчестер Юнайтед»).

Ал осы саңлақтар арасынан «Алтын доп» кімге табыс етілетінін 3 желтоқсанда білетін боламыз.  

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»