• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қазан, 2018

Күріш зауыты ашылды

991 рет
көрсетілді

Жаңақорған ауданы, Қожакент ауылында күріш ақтайтын зауыт іске қосылды.

Тәулігіне 20-25 тонна күрішті бастыратын диірменді іске қосқан Изатулла Үсенов басшылық жасайтын «Нұрбол-И» серіктестігі шағын зауытты Қытай мемлекетінен әкелген екен.

Автоматтандырылған зауыттың ашылу салтанатына арнайы келген аудан әкімі Ғалым Әміреев:

– Мемлекет басшысы халыққа дәстүрлі Жолдауында заманауи технологияларды кеңінен пайдалана отырып, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жайын айтты. Елбасы аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталу керектігін айрықша назар аударып отыр. Бұл өз кезегінде шикізатты қайта қамтамасыз етіп, әлемдік нарыққа сапасы жоғары өнім шығаруға мүмкіндік береді. Мұндай күріш ақтайтын ірі цехтың келешегі жоғары. Бұл еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай, сыртқы нарыққа жол ашады, – деді.

Ауыл үшін ауылшаруашылығанда үлкен мүмкіндіктерге жол ашатын салтанатты шарада ел ағалары бата беріп, ақтілеу тіледі.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы