• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2011

Тұрақтылық пен тыныштық

254 рет
көрсетілді

Ауған соғысы ардагерлерінің қалауы осы

Қарулы Күштердің ардагерлері мен ауғандық жауын­герлер Жаңаөзенде болған оқиғаға және жекелеген адам­дар­дың Үкімет отставкаға кетсін деген талабына байла­нысты алаңдаушылық танытты. Жаңа жыл қарсаңында Астанада өткізілген баспа­сөз мәслихатында Ауған со­ғысы ардагерлері респуб­ли­калық қоғамдық ұйымы мен «Қа­ру­лы Күштер ардагерлері» рес­пуб­ликалық қо­ғамдық бір­лес­тігінің орта­лық кеңесі жекелеген адам­дардың пікірлері бүкіл ауған соғысы арда­герл­е­рі­нің көзқарасын білдірмейтіндігін атады. – Жекелеген адамдар­дың бүкіл ардагерлердің атынан бұқаралық ақпарат құрал­да­ры­на осындай өз­де­рінің бас­тамасымен шық­қа­нына қат­ты өкінеміз, – деді ардагерлер ұйымының бас­шы­лары. – Барлық мәселені өрке­ниетті түрде шешу қажет. Мемлекеттегі тәртіп пен тұрақтылық – бүгінгі және ертеңгі жетістік­тері­міздің кепілі болмақ. «Қарулы Күштер ардагерлері» республикалық қо­ғам­дық бірлестігінің төр­аға­сы генерал-лейтенант Ба­қытжан Ертаев Елбасы Н.Назарбаевтың Жаңа­өзен тұрғындарымен бол­ған кездесуде айтқан: «Қа­зақстан қоғамының басты құнды­лы­ғы – Тәуелсіздік, бейбітшілік және тыныш­тық» деген сөзін келтірді. Ар­дагердің пікірінше, елі­міздің қол жеткен та­быс­тарын сақтап, оны да­мыта түсу үшін қазіргі таңда қа­зақстандықтарға бірлік пен өзара түсіністік ауадай қажет. Сондай-ақ, ардагерлер Мем­­лекет басшысының тап­­сыр­­масына сәйкес Үкімет Жаңаөзен, Шетпе, Ақтау қа­лаларында тәртіпті қал­пына келтіру үшін төтенше жағ­дай­лар шарасын тез арада қолға алғанын атап өтті. Үкімет Жаңаөзенді қал­пына келтіру үшін барлық қажетті жағдайды жасауда. Қаладағы әлеуметтік-эконо­ми­калық, гуманитарлық мә­селелер тез арада шешілуде. Осының бәрі жаппай тәр­тіп­сіздік кезінде зардап шеккен азаматтардың тағ­дырына ел басшылығының бей-жай қа­рай алмайтынын көрсетеді.

Қарулы Күштер мен ау­ған соғысының ардагерлері аты­нан қоғамдық ұйым­дар­дың жетекшілері отан­дас­тары­мыз­ды қандай да бір аран­датуға жол бермеуге, сын са­ғат­та даналық таны­тып, ты­ныштық сақтауға шақырды.