• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Қазан, 2018

Кениядағы көлік апаты: 50 адам қаза тапты

320 рет
көрсетілді

Кенияның батысында орын алған көлік апатының нәтижесінде қаза тапқандар саны елуге жуық, деп хабарлайды EURONEWS.

Зардап шеккендердің қатарында бес жасқа толмаған сегіз бала бар. Апат Керичо ауданында сәрсенбі күні таңертең болды. Куәгерлердің айтуынша, автобус трассаға көтерілу кезінде аударылып қалған.

Зардап шегушілер саны әзірге белгісіз, барлығы емханаларға жеткізілген.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің сөзіне сүйенсек, автобуста шамамен 70 адам болуы мүмкін.