• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Күрес 10 Қазан, 2018

Дзюдошы Бекарыс Садуақас алғашқы алтын медальді қоржынға салды

1045 рет
көрсетілді

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында қазақстандық дзюдошы Бекарыс Сәдуақас жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Бекарыс грузин спортшысы Илиа Сулуманидзені қосымша уақытта жеңді.

- Жақсы көңіл күйде тұрмын. Олимпиада ойындары үлкен жарыс. Қуаныштымын осы жеңісіме. Қазақ еліне құтты болсын деймін. Финалдық кездесу қиын болды. Грузин палуанының күші көп. Сондықтан кішкене шаршап қалдым. Қосымша екі минут күрестік. Қарсыласымды "ваззари" әдісіне салып, жеңіске жеттім,- деді Бекарыс Сәдуақас.

78 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Маргарита Гриценко шешуші кездесуде неміс дзюдошысы Рафаэлла Иглдан жеңіліп, күміс медальді місе тұтты.