• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Әлем 11 Қазан, 2018

ТМД елдерінің қорғаныс министрлерінің кеңесі Ташкентте өтеді

455 рет
көрсетілді

12 қазан күні Ташкентте ТМД елдерінің қорғаныс министрлерінің кеңесі өтеді, деп хабарлайды «Тренд» ақпараттық агенттігі.

Қорғаныс ведомстволарының басшыларының кеңесінде Орталық Азиядағы өзекті мәселелер мен халықаралық терроризмге қарсы шаралар, ТМД елдері арасындағы әскери ынтымақтастықты күшейту, химиялық, биологиялық, радиациялық жағдайды бақылау жүйесі сөз болады.

Бұдан басқа, Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына арналған іс-шаралар мен біріккен мемлекеттік радиолокациялық тану жүйесі концепциясы, әуе күштері мәселесі де қарастырылмақ.

ТМД елдерінің қорғаныс министрлерінің кеңесі 1992 жылы құрылған. Кеңес құрамында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Армения, Әзербайжан мемлекеттерінің өкілдері бар. Кеңес ТМД елдерінің әскери ынтымақтастығы мәселесін, әскери саясат сұрақтарын, қарулы шиеленістерді шешу мен алдын алуға бағытталған іс-шаралармен айналысады.