• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Футбол 12 Қазан, 2018

Жеңімпазға – 6 миллион еуро

247 рет
көрсетілді

Еуропалық футбол қауымдастықтары кеңесінің (УЕФА) басшылығы Ұлттар лигасына қатысып жатқан ұлттық құрамалардың жүлде қорын арттыру туралы шешім қабылдап, турнир жеңімпазына 10,5 миллион еуро сыйақы табыстайтын болды. 

Сондай-ақ командаларға Ұлттар лигасына қатысқаны үшін де сыйақы беріледі. Мысалы, «А» лигасында сынға түсетін  құрамалар 2,25 миллион еуро, «В» лигасы – 1,5 миллион еуро, «С» лигасы – 1,125 миллион, «D» лигасы – 750 мың еуро. Әр лиганың жеңімпазы бонус ретінде екі есе табысқа кенеледі. 

Финалдық кезеңнің алғашқы төрт командасы да үстеме алады. Төртінші орын алған команда 2,5 миллион, үшінші – 3,5 миллион, финалға жеткен команда – 4,5 миллион, ал жеңімпаз құрама  6 миллион еуро алады.

Дайындаған Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»