• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
12 Қазан, 2018

Академия ғалымдарына Құрметті профессор атағы берілді

658 рет
көрсетілді

Қырғызстанның  Ош қаласында өтіп жатқан ІІ  қазақ-қырғыз  зиялылар  форумында  Халықаралық Түркі академиясының  президенті Дархан Қыдырәлі мен  академияның аға сарапшысы Қадыралы Қонқобаевқа Ош мемлекеттік университетінің  Құрметті профессоры  атағы берілді.

Ош  мемлекеттік университетінің ректоры Қаныбек Исаков Академия ғалымдарына Құрметті профессор атағы берілгендігі туралы университет ғылыми кеңесінің шешімін көпшіліктің алдында оқып берді.

Сонымен қатар TWESCO-ның  бауырлас  халықтардың ынтымақтастығы мен ғылыми  интеграцияны  тереңдетуге айрықша үлес қосып отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ белгілі түрколог Қадыралы Қонқобаевты 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Өз кезегінде TWESCO президентінің кеңесшісі  Ержан Исақұлов мерейтой иесінің иығына  Академия атынан шапан жауып, сый-сияпат жасады.