• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2011

Нақты қамқорлықтарға толы

265 рет
көрсетілді

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы бәрімізге үлкен ой салды.  Ел өміріндегі ерекше белес  барша қазақстандықтар үшін  тағы­лым­ды мереке ретінде атап өтіл­ді. Рухани болмысымыз бен ұлттық санамыздың биіктеп, мемлекет, ұлт мүддесі жолында топтаса білетінімізді айқын аң­ғартты. Қазақстан Республика­сы­ның Президенті, Ұлт көшбас­шы­сы Н.Ә.Назарбаев  Ел Тәуелсіз­дігінің  мерейтойына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде қол жеткен жетістіктерімізбен қоса іргелі міндеттерді де белгілеп берді. Алда жаңа технологиялар төңкерісі күтіп тұрғанын, түбе­гей­лі өзгерістер  жаңа эко­номикалық  әлем құрылы­сы­ның негіздерін ай­қындайтынын, оған дайын болуымыз керектігін атап өтті. Сонымен қатар, қауіп-қатерлер кездесетінін де ескертті. Осындай тығырықтарға ұрынбай, аман-есен шығудың жолы ретінде мықты экономика мен күшті мемлекет қалыптастыруды ұсынды. Бұл орайда, білім беру мен  ден­сау­лық сақтау, жастар және тұрғын үй  саясаты  маңызды рөл алары сөзсіз.  Енді «Өмір сапасы–2030» Жалпы­ұлт­тық бағдарламасы іске қосы­лып,  адамдар лайықты жұмыспен, қолжетімді тұрғын үймен, сапалы денсаулық және білім беру жүйелерімен қамтылатын болды. Болашағын, келешегін ойлаған ел ғана осындай қадамдарға барса керек.

«Дені сау ұлт–2030» Жалпы­ұлт­тық бағдарламасы да жұртшы­лық­ты саламатты өмір сүруге ын­та­лан­дырып, демографиялық өсім­ге, ана мен бала өлімінің азаюына, аса қатерлі аурулардың алдын алу­ға ықпал жасары анық.  Өйткені, мұн­да медицина саласын дамы­ту­дың ұзақ мерзімді шаралары қарасты­рылған.

Біздің болашағымыз кімдер дегенде, сөз жоқ, қазіргі жастар ал­дымен ойға  оралады. Ол заңды да. Жасампаздықтың жиырма жы­лында  талабы биік, заманның қазіргі технологияларын терең меңгерген, білімді буын қа­лыптасты. Елбасының  елімізбен бірге кемелдік кезеңге аяқ басқан жастарға сенім артуы – олардың қадамына берілген лайықты баға. Желкілдеп өсіп келе жатқан жас буынның білікті маман, отаншыл азамат болып өсуіне, ғылым мен білімнің озық жүйесін меңгеруге елімізде барлық жағдай жасал­ған. Іргесі берік, бірлігі бекем мемлекеттің жақсы дәстүрлерін жалғастыруға олардың  мүмкін­діктері мол.

Бір сөзбен айтқанда, Прези­денттің әр сөзінен қазақстан­дық­тарға деген нақты қамқорлық анық аңғарылады.

Бақытжан СӘМИЕВА, Солтүстік Қазақстан облыстық іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы.

Солтүстік Қазақстан облысы.