• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Президент 15 Қазан, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Мұз сарайын аралап көрді

376 рет
көрсетілді

Елбасы мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында Словакия инвесторларының қатысуымен салынған қаладағы жаңа Мұз сарайына барды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Қазақстан Президенті жас хоккейшілерді және барша ақтөбеліктерді Мұз сарайының ашылуымен құттықтап, шайбаға естелік қолтаңба қалдырды.

Жалпы аумағы 8 500 шаршы метр болатын спорт кешені жыл бойы хоккейден, шорт-тректен, мәнерлеп сырғанаудан, баскетболдан, шағын футболдан, бокстан, үлкен теннистен, гимнастикадан кәсіби жарыстар өткізуге, сондай-ақ конькимен жаппай сырғанауға мүмкіндік береді. Арена 2 500-ден астам көрерменге арналған.