• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2011

Құрылыс жұмыстарының қарқыны артты

335 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда еліміздің бар­лық азаматтарын толған­дыратын көкейкесті мәселелердің бірі тұр­ғын үй мәселесі болып табы­ла­ды. Өйткені, әрбір адам «кең сарайдай боз үйім» дей алатындай жеке бас­паналы болғысы келетіні шындық. Сол себепті жыл сайын респуб­лика бойынша көптеген шар­­шы метр тұрғын үй қол­да­ныс­қа беріліп келеді. Тек 2011 жыл­дың қаңтар-қараша айларын­да ға­на Қа­зақ­стан­дағы құрылыс жұ­мыс­тары­н­ың көлемі өткен жыл­дың осы ке­зеңімен салыс­тыр­ғанда 2,9 пайыз­ға артты. Бұл туралы 28 желтоқсан күні өткен Үкіметтің қорытынды отыры­сын­да жарияланды. Егемендігіміздің 20 жылдық мерейтойына орай 15 желтоқсан күні өткен салтанатты жиында Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев тәуел­сіз­дік жылдары бір жарым млн.-нан астам қазақстандық өз­дерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарта алғанын атап көрсетті. Тек 2005-2007 жылдар ара­лы­ғын­да 17 млн-нан астам шаршы метр жерге тұр­ғын үйлер салын­ған. Тұрғын үйді үлескерлік бо­йынша салған­дар үшін жауапкершілікті өз мой­нына ал­ған бірден-бір ел біз шы­ғармыз. Биыл біз барлық алданған үлескер­лерге пәтерлерін толықтай қайтар­дық, деді Мемлекет басшысы. Премьер-Министр Кәрім Мә­сімов Елбасының қарапайым қа­зақстандықтар өмірін жақ­сартуға бағытталған тапсырмаларының орындалу барысы бойынша есеп беріп келеді. Мысалы, үстіміздегі жылдың қыркүйегінде өткен Үкі­меттің депутаттармен кездесуінде Премьер-Министр өз баян­да­ма­сын­да азаматтарымыздың тұр­ғын үй жағдайларын жақсарту мәсе­ле­сі әрдайым маңызды бо­лып келгендігін, болашақта да солай бол­мақ екендігін атап өткен болатын. Таяу болашақта тұрғын үй қарым-қатынастарының жаңа моделін жасақтау есебінен 11 мыңнан астам үй жөнделмек, ал 2020 жылға қарай жылу, газ және электрмен қамту нысандары мінсіз жағдайға жеткізілетін болады. Жоспар бойынша алдағы 3 жыл­да елімізде 19,7 млн. шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілетін болса, қазірдің өзінде 535 мыңға жуық қазақстандық өз тұрғын үй жағдайларын жақсартып алған. Статистика агенттігі мәлімет­тері­не сүйенсек, биылғы жылдың қаңтар-тамыз айлары арасында барлық қаржыландыру көздері бойынша тұрғын үй құрылысына 248,2 млрд.теңге инвестиция құ­йылған. Бұл 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 128,4%-ға артық. 2011 жылдың тамыз айындағы көрсеткіш өткен жыл­ғыдан 97,5 пайызға артық, атап айтқанда, 3,6 млн.шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Осылайша тұрғын үйді қолда­ныс­қа беру бойынша жылдық жоспар 60%-ға орындалды. Республика бойынша 29 473 пәтер қолданысқа енгізілді, оның 14 365-і жеке меншік тұрғын үйлер. Бұдан басқа, елімізде Үкімет жа­сақтап шығарған «2011-2020 жыл­­дарға арналған тұрғын-үй-ком­муналдық шаруашылықты жаң­ғырту» бағдарламасы жүзеге асы­ры­луда. Ол өте қарапайым және же­ңіл схемамен жұмыс істейді. Атап айтқанда, жөндеуге қажетті қар­­жының белгілі бір көлемін тұр­ғын­дарға мемлекет береді. Ал тұр­ғын­дар өз кезегінде бұл ақша­ны ша­­­ғын бөліктермен бөліп төлеу мүм­­­кіндігіне ие болады. Жөндеуге қажетті қаржы көлемін тұрғындар ортақ жиында өздері анықтайды. Бұл схема екі тарапқа да ыңғайлы, бір жағынан тұрғындар 2-3 ай ішінде көп шығын жұмсамай-ақ өз үй­лерін жөндеп, сонымен қатар ай­на­­ласын абаттандыра алады. Ал мем­лекет уақыт өте келе қайтары­ла­­тын пайызсыз несие беріп, тұр­ғындар әдемі жөнделген үйлерге ие болады. Нысандарды қаржыландыру те­тігі мынадай. Ғимараттың ағым­дағы жөндеуіне несиелік негізде бюджеттен әкімдіктер арқылы ком­муналдық кәсіпорындарға қар­жы бөлінеді. Ал коммуналдық кәсіпорындар кондоминимумдармен бірігіп, жөндеу жасайды. Бө­лін­ген мемлекеттік қаржыны пәтер иелері 10 жылға жуық уақыт ішінде аз бөліктермен төлеп отырады. Зарина КӘРІМОВА.