• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
31 Желтоқсан, 2011

Ынтымағың жарассын

506 рет
көрсетілді

Дүние мен күнделікті күйбеңмен

Уландырған ақыл-ойын, санасын,

Елдігіңе сын келтіріп бір демде,

Жөннен шығып, жұртым, қайда барасың?

Бар білгенін жайып салмай ортаға,

Қариялар пейілдері қарайған,

Қажы болған кейбір дүмше молда да,

Жеке басқа тілеу тілеп құдайдан.

Көргені көп, жол сілтейтін жастарға,

Ақсақал жоқ әр ауылды басқарған.

Бір мал шалып жаңа істі бастарда,

Көпке арнап жайғызатын дастарқан.

Себебі оның ынтымақта,

Болатын

берекесі көппен шешкен істің де.

Әкім-төре болса дағы қонағың,

Дәмнен аттап кетпейтұғын ешкім де.

Жөнсіз болса жаңа ісің бастайтын,

Дәм үстінде келтіретін ыңғайға.

Жөн тыңдаудан ешкім тағы қашпайтын,

Шырқыратып батса дағы шымбайға.

Адасқанның айыбы жоқ,

Қатеңді

өзің түзет, өзің айық кеселден.

Жөнсіздікті жөн дегенің қатерлі,

Даулы жерде көгермейді көсегең.

Бөле тартсаң ынтымағың жоғалып,

Ырыс кетер шетке лағып, беттемей.

Ұлттық мүдде тұру керек жоғары,

Жеке топтың мүддесімен шектелмей.

Мырзабек БЕРДИЕВ, полиция капитаны.