• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қазан, 2018

Лаңкестікке қатысты қазақстандық Түркиядан экстрадицияланды

297 рет
көрсетілді

Бүгін ҚР Бас прокуратурасы және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Елдос Күншығаровты Түркиядан экстрадициялады, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі. 

Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, ол 2011 жылы Атырау қаласының аумағында террористік қылмыстарды жасағаны үшін күдіктелген.

Елдос Күншығаров заңға қайшы әрекетінен кейін ізін жасырған еді. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

«Қазақстанның қылмыстық қудалау органдарының түрік әріптестерімен өзара үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде күдікті елге жеткізілді.

Қазір Күншығаров Атырау қаласындағы тергеу изоляторына орналастырылды. Сот үкімі шығарылғанға дейін сонда болады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2012 жылы қыркүйекте Ауғанстанда моджахедтер жағында соғысып жүрген және Қазақстанда астыртын лаңкестік топтарды басқарған 9 атыраулықтың есімі жария етілген болатын. Солардың қатарында Елдос Күншығаровтың аты да аталды.