• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Бокс 19 Қазан, 2018

Буэнос-Айрес: Талғат Шайкенге күміс жүлде бұйырды

362 рет
көрсетілді

Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер Олимпиадасында бокс бәсекелері аяқталды. Қазақстан атынан шаршы алаңға шыққан Талғат Шайкенге күміс жүлде бұйырды деп жазады Olympic.kz. 

64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Талғат финалда ресейлік Илья Поповпен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жек барысында біздің спортшының басымдығы айқын білінгенімен, төрешілер жеңісті Поповқа берді.

Есеп - 4:1. 

Еске сала кетейік, Олимпиадаға аттанған үш қазақ боксшысы да жүлдеге ілікті. Айбек Оралбай Олимпиада чемпионы атанса, Талғат Шайкен мен Дамир Тойбайдың еншісінде күміс медаль бар.