• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Бокс 19 Қазан, 2018

Данияр Елеусінов: Бостонда айқасу - мен үшін абырой

587 рет
көрсетілді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (3-0, 1 КО) Бостонда өтетін америкалық Мэтт Доэртимен (8-5-1, 4 КО) жекпе-жегі алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Маған Бостон ұнайды - өте жақсы қала, адамдары да жылы шырайлы. Мұнда айқасу - мен үшін абырой. Америкада көбірек бокстасқанды қалаймын, себебі АҚШ - «бокстың Меккесі». Джон Дэвид Джексон - чемпиондарды дайындаған бапкер, өзі де кезінде чемпион болған. Мен оның қамқорлығында боксымды айтарлықтай алға жылжыттым. Ол не істеу керектігін біледі», - деді Елеусінов.

Данияр Елеусіновтің айқасы Бостондағы TD Garden аренасында (АҚШ, Массачусетс штаты) 21 қазан күні таңертең өтеді. Қазақстанда оны «Хабар» арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Басталуы Астана уақытымен 06:00-де.