• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қазан, 2018

Робот техникасынан өткен халықаралық чемпионатта қарағандылықтар жүлдемен оралды

397 рет
көрсетілді

Калининград қала­сын­да «Ресейдің цифр­лы бо­лашағы» инже­нер­лік-тех­никалық шығар­ма­шылық фестивалі аясында робот техникасы бойынша өткен халықаралық чемпионатта Қарағанды облысының командасы үш алтын және бір қола медаль жеңіп алды.

Байрақты додада тұңғыш рет бақ сынаған Қарағанды коман­дасының сапында 10-15 жас аралығындағы жеті оқушы ел намысын қорғады. Олардың арасында қаладағы №38 мектеп-гимназияның оқушылары және «RoboClub» робот техникасы мек­тебінің тәрбиеленушілері болды. 

Қарағандылық оқушылар «Сумо» және «Робофутбол» аталымдары бойынша білім сынасқан болатын. Роботтар сумосы – «Лего» бөлшектерінен құрастырылған екі роботтың бір-бірін белгіленген шеңберден ығыстырып шығаруы бағдар­ламаланған пән. Ал «Робо­фут­болда» роботтардан құралған командалар өзара сайысқа түседі. Олардың мақсаты – белгіленген уақыт ішінде қарсылас қақпаға мейлінше көп гол соғу.

Осымен екінші рет ұйым­дас­тырылған чемпионат қоры­тындысында «Робофутбол» аталымы бойынша жұптасып өнер көрсеткен Давид Шуралев пен Станислав Боне, Даниил Пинигин мен Евгений Лукьянов, сондай-ақ Илья Поветин мен Даниил Муллеров топтары үздік шықты. Құраманың ең жас мүшесі 10 жасар Андрей Машкин «Сумо» аталымында қола жүлдеге қол жеткізді. 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды