• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 19 Қазан, 2018

Павлодар-Семей тасжолында көліктер өртеніп, бір адам мерт болды

313 рет
көрсетілді

Павлодар маңында «ГАЗель» мен «Лада» көліктері соқтығысты. Салдарынан автомашиналар жанып, жүргізушілердің бірі мерт болды, деп хабарлады Павлодар облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

«19 қазан күні сағат 00.20-да Павлодар-Семей тасжолында Павлодар қаласы Байдалы ауылына қарама-қарсы жерде «ГАЗель» мен «Лада» маркалы көліктер соқтығысты», - делінген хабарламада. Жол апатынан «Лада» өртеніп, жалын «ГАЗель» көлігіне тараған. Салдарынан екі машина толықтай жанып кеткен. «Лада» жүргізушісі көлік өртенген кезде қаза тапты. Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда». Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр.