• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Қазан, 2018

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

326 рет
көрсетілді

Бүгін еліміздің Оңтүстік және батыс бөлігінде күн ашық, Ал кей жерлеріде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Қазгидромет» мәліметтеріне сай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Шығыс Қазақстан облысында боран соғады.

Ақмола облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, түнде боран соғады, көктайғақ болып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысының басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Кей жерлерге тұман түседі. Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түседі.

Жамбыл облысында түнде және таң ата кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, екпіні 23 метрге жетеді. Жамбыл облысында түнде қазанның 20-21 күндері бірқатар аумақтарда 1-3 градус аралығында үсік жүреді.