• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Бокс 20 Қазан, 2018

Данияр Елеусінов АҚШ-та салмақ өлшеу рәсімінен өтті

360 рет
көрсетілді

Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды sports.kz

Салмақ өлшеу рәсімінде Елеусінов - 148 фунтты, ал қарсыласы - 146,8 фунтты көрсетті.

Еске сала кетейік, Елеусінов Астана уақытымен шамамен ертең таңертең АҚШ-та екінші айқасын өткізеді. Ол Бостонда (Массачусетс штаты) жергілікті спортшы Мэтт Доэртимен (8-5-1, 4 КО) кездеседі.

«Жанкүйерлер мен әдемі бокс көрсететінім үшін маған жанкүйерлік етулері тиіс деп ойлаймын. Әдемі бокс жанкүйерлеріне - мархабат!», деді  Д.Елеусінов.

Д.Елеусіновтің мүддесін қорғайтын Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы оның кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегінің қашан және қайда өтетінін де жариялаған болатын. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.