• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қазан, 2018

Қ. Әбдірахманов Қырғызстанның жаңа СІМ басшысын құттықтады

306 рет
көрсетілді

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесу барысында оны жоғары лауазымға тағайындалуымен жылы құттықтап, Астанаға сапармен келіп кетуге шақырды.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Министрлер мемлекет басшылары Н. Назарбаев пен С. Жээнбековтің кездесулері барысында қол жеткізген уағдаластықтардың орындалуын тығыз үйлестіретін болады.