• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Қазан, 2018

Қостанайдағы «СарыарқаАвтоПром» зауыты Ақтауға 88 экологиялық автобус жібереді

347 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысына электрмен жүретін 18 және газбен жүретін 70 автобус жіберу туралы Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов, «Каспий» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы Жомарт Әбиесов және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС директоры Сырым Семейбаев арасында үш жақты келісімге қол қойылған болатын.

Осы меморандум шеңберінде газбен жүретін «Ankai»  маркалы автобусты пайдалану сапасын сынақтан өткізу жоспарланды. Сынақ оң нәтиже көрсеткен жағдайда «Каспий» ӘКК» АҚ Маңғыстау облысының автобус паркін 70 автобуспен толықтырады. Ақтаудағы жолаушылар автокөлігін жаңарту мақсатында техникалық тозығы жеткен автобустар экологиялық таза көліктерге біртіндеп ауыстырылады. Жоба шеңберінде Қостанайдағы машина құрастыру зауытынан тағы да 18 электробустар алынбақ.

Ақтау қаласымен қатар Астанада да 70 электробусты бағыттарға жіберу мәселесі қаралуда. Ол үшін қытайлық мамандар келіп, электробустар бағыттары мен оларды зарядтайтын станцияларды орнату жұмыстарымен айналысуда.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай