Оған республикалық Мемлекетті қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы Саят Ахметжанов, барлық облыстарынан мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттерінің басшылары қатысуда.
Әдеп жөніндегі кеңестердің төрағалары және барлық министрліктерінің әдеп жөніндегі уәкілдері қатысуда. Форумның бірінші күні семинар өтіп, онда жергілікті әдеп уәкілдерінің жұмысына бағыт - бағдар берілді.
Форумның пленарлық мәжілісінде бүгін мемлекеттік қызметтегі әдеп стандарттарын сақтаудың, экономиканы дамытуда коррупцияның жолын кесетін жұмыстар, мемлекеттік жаңа қызметші қалай болу керек деген секілді көптеген өзекті мәселелер көтерілді.
"Елбасы мемлекеттік кызметте ашықтықтың, мөлдірліктің болуын тапсырды. Осыған байланысты адалдық, ар-ұждан, мемлекеттік қызметті таза атқару жөнінде Әдеп жөніндегі кеңестер жұмысын жақсарту керек" деді Саят Ахметжанов.
Форум шеңберінде Қостанайда мемлекеттік қызмет гүлзары ашылды
Нәзира ЖӘРІМБЕТ,
«Егемен Қазақстан»
Қостанай