• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Бизнес 26 Қазан, 2018

Астанада көмірдің қоры 10 тоннаға артты

631 рет
көрсетілді

Қалада жалпы көмірдің қоры бейсенбі күні – 10561,87 тоннаны құрады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 

Астанаға «Қаражыра» маркасы мен «Майкөбе» маркалы көмірінің 1596 тоннасы келіп түсті. «Шұбаркөл» маркалы көмірінің бағасы астанада – 13 600 теңге, «Қаражыра» - 13 500 теңге, «Майкөбе» - 12 500 теңге, «Богатырь комир» - 9000 теңге, «Кузнецкий» - тоннасы 12 250 мың теңге. 

Астанада көмір сататын 8 компания бар. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы көмір өндірушілермен бағаны өсірмеу туралы меморандумға қол қойған болатын. Астана әкімдігі күн сайын нарықтағы көмір ахуалына мониторинг жүргізіп, бақылауда ұстап отыр. «iKomek» Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында тұрғындар үшін жедел желі құрылды.