• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Қазан, 2018

Демалыс күндері күшті жел соғуы мүмкін

646 рет
көрсетілді

Қазақстанның төрт аймағында күшті жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

27 қазан күні Солтүстік Қазақстан облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Петропавлда 27 қазанда жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

27 қазан күні Қостанай облысында жел солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Ақмола облысында 27 қазанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Астанада 27 қазанда жел оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғады. Екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

27 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақтауда 27 қазанда желдің екпіні секундына 18 метр болады.