• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қазан, 2018

Михаил Кукушкин жартылай финалда сүрінді

365 рет
көрсетілді

Австрияның Венада қаласында өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин әлемдік рейтингтегі жағдайын біраз жақсартты.

Тұсаукесер кездесуде әлемнің 10 ракеткасы, болгариялық  Григор Димитровты ұтқан ол екінші кезеңде АТР рейтингінде 76 орында тұрған ресейлік  Андрей Рублевтан басым түсті. Аса шиеленісті өткен ширек финалда жерлесіміз үздіктер тізімінде 40 сатыға жайғасқан венгриялық Мартон Фучовичті 4:6, 7:6, 7:6 жеңді. Жартылай финалда Михаил Кукушкин атақты Кей Нисикоримен шеберлік байқасты. Кезінде АҚШ-тың ашық біріншілігінің финалына дейін жетіп, «Үлкен дулыға» санатындағы турнирлерінде үнемі үздік сегіздіктің қатарынан көрініп жүрген Жапония теннисшісіне жерлесіміздің әлі жетпеді – 4:6, 3:6.

Жүлде қоры 2 198 250 евроны құрайтын Венадағы бұл турнир кеше өз мәресіне жетті. Бас жүлде үшін тартыс жапониялық Кей Нисикори мен ОАР-дың өкілі Кевин Андерсон арасында өтті.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»