• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 29 Қазан, 2018

Илья Ильин карьерасын аяқтауы мүмкін

415 рет
көрсетілді

Әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин 2018 жылғы Ашхабадта (Түркменстан) өтетін әлем біріншілігіне қатыспайды. Спортшы мұндай шешімге келуіне денсаулығы әсер еткенін айтып отыр. 

«Мен әлем чемпионатында өнер көрсетпейтінімді халқыма қалай айтсам екен деп көп ойландым. Бірақ, қазір және осы жерде мұны айтамын деп шештім. Мен әлем чемпионатында өнер көрсетпеймін, себебі омыртқа жарақатын алғанмын. Оның үстіне, бұл - өте ауыр жарақат.

Шынымды айтсам, менің одан арғы спорттағы болашағым белгісіз. Мен Ашхабадқа жаттықтырушы ретінде барамын. Нижат Рахимовты тұғырға шығарғым келеді. Өйткені біз онымен бір жыл бойы бірге жұмыс істедік. Мен жаттықтырушыларға, командамызға көмектесемін. Бір сөзбен айтқанда, әлем чемпионатында жаттықтырушы ретінде бақ сынаймын»,  деді Илья Ильин.