• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Қаржы 23 Қаңтар, 2017

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» жаңа басшы келді

4221 рет
көрсетілді

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Ерболат Досаев «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлады "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ баспасөз қызметі.

«Банктың басшылығына Директорлар кеңесінің мүшесі, 2016 жылдың 3 ақпанынан бастап «Бәйтерек» Холдингі басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған Ләззат Ибрагимова тағайындалды.

Жаңа басшыны таныстыра отырып, Ерболат Досаев Ләззат Ибрагимованың «Бәйтерек» Холдингі құрылымы аясында жеткен жетістіктерін, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» жаңа деңгейге көтеруге септесетін кәсіби біліктілігі мен жеке қасиеттерін атап өтті.

Л.Ибрагимова Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық университетінде оқытушы қызметінен бастап, «Бәйтерек» Холдингіне кіретін және басқа да ірі даму институттарының басшылығына дейінгі лауазымдарды атқарған.

Түрлі жылдары БҰҰ Даму бағдарламасы жобасының экономикалық даму бойынша ұлттық сарапшысы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының сараптау мен даму стратегиясы, оқыту мен консалтинг, корпоративті даму департаменттерінің басшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арнайы бағдарламалар департаментінің бас менеджері қызметтерін атқарды. 2011 жылдан бері «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы лауазымында жұмыс істеді.

Айта кетейік, «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «Бәйтерек» Холдингінің еншілес ұйымы болып табылады.