• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Әлем 30 Қазан, 2018

Елбасы Бразилия Федеративтік Республикасының Президентін лауазымымен құттықтады

299 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Жаир Мессиас Болсонаруға Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Жаир Мессиас Болсонаруды Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. 

«Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастық халықтарымыздың жарқын болашағы үшін одан әрі дами түсетініне кәміл сенемін.

Сізге зор денсаулық және жауапты қызметіңізге мол табыс, ал достас Бразилия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.