• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 31 Қазан, 2018

Ресурстық орталықтағы семинар

334 рет
көрсетілді

Шымкент қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «QDigitalInform» семинары өтті. Жур­налистиканың, оның ішін­де қазақ тілді бұқаралық ақ­па­рат құралдарының сапа­сын арт­тыруға септігін тигізу­ді, «Цифр­лы Қазақстан» бағдарла­масын дәріптеуді мақсат еткен жоба шеңберінде өткен іс-шараға қаты­су­шылар, яғни жаңа технологиялар заманында пайда болған жаңа­шылдықтарды игеруге қызығу­шылық танытқандар көп болды.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеу­мет­тік жобаларды дамыту қоры­ның қолдауымен Коммуни­кативтік бастамалар және стратегиялар қоры ұйымдастырған семинардың бірінші күнінде қатысушылар электронды үкі­мет пен электронды мемле­кеттік қызметтің цифрлы мүмкін­дік­терімен танысса, екінші күні блокчейн технологиясы туралы терең мағлұмат алды. Сондай-ақ қатысушыларға үлестіру тізі­лімінің технологиясы немесе дерекқордың жекелену теориясын меңгеру мүмкіндігі берілді. Семинарда блокчейн технологиясын мемлекеттік басқару мен бизнес саласында пайдалану әдістері туралы баяндаған Шымкент қаласы бойынша ақпараттық-технологиялық орталығының Ақпараттық жүйелерді сүйе­мел­деу басқармасының бас ин­ж­енері Маржан Сәбден елі­міз­де электронды құжат айналы­мы жүйесі ерекше рөл атқараты­нын, барлық деңгейдегі мемле­кет­тік басқарудың жан-жақты ашықтығы мен бақылауын қалыптастырудағы маңызды фактор екенін атап өтті. Ал басқар­маның бас маманы Ерқұлан Бармағанбетов отандас­тары­мыз­дың кибер кеңістіктегі бағыты мен деңгейі туралы баяндады. 

Семинар соңында қатысу­шылар алған білімдерін бекіту мақсатында шағын жобалар жасап, спикерлердің практикалық тапсырмаларын орындады.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ШЫМКЕНТ