• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Қазан, 2018

KASE: Үш күннен бері доллар бағамы төмендеп келеді

323 рет
көрсетілді

Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 368,38 теңгені құрады, деп хабарлайды KASE.

Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,05 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға - 367,9 теңге, ал ең жоғарғысы 368,88 теңге болған. Сауда көлемі 17 млн долларды құрады.

Дүйсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 368,43 теңгені, күндізгі сессияда 368,64 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 368,55 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі 70,15 млн доллар болды.