Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында білім беру саласына айрықша көңіл бөлінген.
Білім беру саласы бүгінгі жаһандану жағдайында барлық елдердің гүлденуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Қазір әлем тұрақты түрде өзгеруде. Бұл өзгерістердің басым бөлігі білім беру жүйесіне тікелей қатысты.
Білім беру саласын реформалау – қордаланған мәселелерді шешу үшін аталған бағыттағы көптеген жылдар бойғы тәжірибелерді зерделей отырып, оң шешім қабылдау мақсатындағы күрделі міндет. Мұқият жоспарлау өзгерістерге оңтайлы бейімделуді қамтамасыз етеді.
Жоспарлаудың алғашқы қадамы қажетті қаржы ресурстарын табу болып табылады. Президент Н.Назарбаевтың сөйлеген сөзінде 5 жыл ішінде білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу қажеттігі айтылды.
Тағы бір айта кетер жайт – ХХІ ғасырдың талаптарына негізделген жаңа білім беру жүйесін дамыту. Біз Президенттің «4К» үлгісіне қатысты пікірін қолдаймыз. Креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға жəне командада жұмыс істей білуге басты назар аударуды қоса алғанда, XXI ғасырдың сұраныстарына бағытталған білім беру жүйесіне инвестиция салу жаңа дәуірге өтудің дұрыс жолы болып табылады. Бұл дағдыларды жас ұрпақ бойында қалыптастыруға көмектесу маңызды, себебі бұл біздің балаларымызға үнемі өзгеріп отыратын ортаға бейімделуге мүмкіндік береді.
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың барлық мемлекеттік мектептерге жаңа білім беру жүйесі мен әдістерін енгізу, «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеу және жоғары оқу орындарының білім беру сапасын арттыруға баса назар аудару сияқты ұсыныстары Қазақстанның білім беру жүйесін жетілдіруге көмектеседі. Бұл Қазақстанның әлемдегі ең инновациялық және дамыған елдердің бірі болуына жол ашады.
Біздерге, яғни «MM Publications» компаниясына, Қазақстан секілді дамыған серпінді экономикасы бар прогрессивті елмен ынтымақтастық орнату өте маңызды. Сонау 1974 жылдан бері ағылшын тілінде жоғары сапалы инновациялық білім беру материалдарын өндіруге мамандандырылған біздің компания Президент Н.Назарбаевтың көзқарасын толық қолдайды. Компаниямыз Қазақстан үшін арнайы жасалған баспа және электронды материалдардың кең ауқымын, сондай-ақ білім беру қызметтерін ұсына алады.
Иоаннис МАЛКОЯННИС,
Грекия шет тілдер оқулықтары баспагерлері қауымдастығының хатшысы, «MM Publications» компаниясының президенті