• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
05 Қараша, 2018

Ардагерлер күш сынасты

304 рет
көрсетілді

Спорт ардагерлері арасындағы об­лыс­тық кеңестің ұйымдастыруымен өңірде волейболдың өркендеуіне елеулі үлес қосқан, тыныштық қызметінде ұзақ жылдар жемісті жұмыс атқарған волейболшы Нұрлан Әлхановты еске алуға арналған облыстық турнир болып өтті.

Оған 8 команда: атап айтқанда Күршім, Тарбағатай, Астана, Өскемен, облыстық ішкі істер департаменті, құрылысшылардың Мәдениет үйінің тағы екі команда саңлақтары қатысты. Ардагерлер волейболды шебер ойнады, допты алу, соққы жасау кезінде жиналғандарды еріксіз тәнті етті. 

Сонымен турнирде облыстық ішкі істер департаменті чемпион атанды. Екін­ші, үшінші орындарды Астанадан келген қонақтар мен құрылысшылар­дың Мәде­ниет үйінің волейболшылары ие­ленді. Тур­нирге қатысқан барлық команда мүше­лері ескерткіш сыйлықтармен марапаттал­ды. 

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

журналист

Шығыс Қазақстан облысы